Қоғам

«Опасыздық жасаған адамды ұмытпайсың»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі күтпеген мәлімдеме жасады

«Опасыздық жасаған адамды ұмытпайсың»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі күтпеген мәлімдеме жасады

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Актер НТК арнасындағы «Не дейді» бағдарламасында Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйленуі туралы ойын айтты. 

«Адамзат үш нәрсені ұмытпайды дейді ғой. Мен өзіме тиесліні айтайын. “Подлость” жасаған адамды ұмытпайды екенсің, әсіресе ер азамат. Мен оны қатты жақсы көргенімнен емес, тек маған иттік жасағанына қатты налыдым. Ал былай Аллаға аманттап тастағанмын, дұғамды тіледім. Қайта қуанып жатырмын. Мен 16 жасымда анамнан айырылған адаммын. Әйел үшін жанымды ауыртып, ауырып қалатын адам емеспін. Сол үшін Аллаға аманаттадым. Жолы ашық болсын, аман болсын. Әлеуметтік желіден көрдім. Соқырдың өзі көретіндей тарап жатыр ғой. Ешқандай сезімде болған жоқпын», – деді актер.

Барлық жаңалық