Қоғам

Абай облысында ерекше балаларға 100-ден астам рет зорлық-зомбылық жасалған (ВИДЕО)

Абай облысында ерекше балаларға 100-ден астам рет зорлық-зомбылық жасалған (ВИДЕО)

Абай облысының прокуратурасы Аягөз ауданындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ерекше күтімді қажет ететін балаларға қатысты 100-ден астам физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық фактісін анықтады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Прокуратура балалардың құқықтарын қорғау мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын тексеруге кіріскен. Аягөз ауданындағы мекемені тексеру кезінде санитарлардың тәрбиеленушілердің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оларға жүйелі түрде күш көрсетіп, психологиялық қысым жасағаны анықталды.

Сонымен қатар прокуратура қызметкерлердің бір бөлігі заңсыз әрекеттерді көре тұра, олардың жолын кесу үшін ешқандай шара қолданбағанын анықтады.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Прокуратураның мәліметінше, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы тексеру шаралары жалғасып жатыр.

Барлық жаңалық