Қоғам

«Келін жүкті болып келсе ғана қалыңмал береді»: Шымкентте жаңа үрдіс пайда болған ба

«Келін жүкті болып келсе ғана қалыңмал береді»: Шымкентте жаңа үрдіс пайда болған ба

Шымкентте кейбір отбасылар болашақ келіннің дені сау әрі бала көтере алатынына көз жеткізгеннен кейін ғана құдалық пен тойды өткізетін үрдіс пайда болған. Бұл туралы маман мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда екі жас алдымен отбасын құрып, келін жүкті болғаннан кейін ғана дәстүрлі құдалық рәсімдері ұйымдастырылып, қалыңмал беріліп, той жасалады.

"Шымкентте хит екен. Келіндері жүкті болып келсе, соны қалыңмал беріп алады. Өйткені сол әулеттің ұрпағын жалғастыратын дені сау әйел екеніне сенімді болады екен. Бірінші көтерткізеді сосын барып құдалығын өткізіп, тойын ұйымдастырады", деді маман. 

Алайда бұл пікір қоғамда отбасы құндылықтары, әйелге қойылатын талаптар және дәстүрлі құдалық рәсімдерінің өзгеруі туралы түрлі көзқарас тудыруы мүмкін.

 
 
Барлық жаңалық