ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт қаладағы Черняховский көшесіндегі үйден шыққан, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
"Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Жер үйдегі бөлмелердің бірінен 1970 жылғы ер адамның денесі табылды. Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Өрттің жалпы аумағы 44 шаршы метр. Әзірге оттың нақты неден шыққаны белгісіз. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына үйде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.