🌐 Әлем

Киев пен Мәскеу соғысты дипломатиялық жолмен аяқтауға жақын

Киев пен Мәскеу Украинадағы соғысты дипломатиялық жолмен тоқтату мүмкіндігіне жақындады. Бұл туралы Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев CNN телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info DW басылымына сілтеме жасап.

 

Оның айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский майдан шебін іс жүзінде мойындаған, бұл бейбіт келісімге қарай жасалған маңызды қадам.

 

«Менің ойымша, Ресей, АҚШ және Украина дипломатиялық шешімге едәуір жақындады. Президент Зеленский үлкен қадам жасады ол қазір әңгіме майдан шебі туралы екенін мойындады», – деді Дмитриев.

 

Ресей өкілінің айтуынша, бұған дейін Украина басшысы өз елінің аумағынан барлық ресейлік әскерді толық шығару талабын қойған еді.

 

«Сондықтан, меніңше, дипломатиялық шешімге қол жеткізуге нақты мүмкіндік бар», – деп толықтырды ол.

 

Сонымен қатар Дмитриев Мәскеудің бұрынғы ұстанымдарын да қайталап өтті яғни Ресей қауіпсіздік кепілдіктері мен өз позициясын түсінудің маңыздылығын атап өтеді.Сұхбат барысында ол АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей басшысы Владимир Путинмен Будапештте өтеді деп жоспарланған кездесуді кейінге қалдыру туралы шешіміне де пікір білдірді. Дмитриевтің айтуынша, екі ел басшыларының кездесуі кейінірек өтеді.

 

«Бұл кездесу міндетті түрде болады, тек сәл кейінірек. Өйткені Ресеймен диалог жүргізу мүлде жүргізбеуден әлдеқайда дұрыс», – деді ол.

 

Айта кетейік, Дональд Трамп та өз мәлімдемесінде Путинмен саммиттің кейін өтетінін растаған болатын.

Барлық жаңалық