Жаңалықтар

Кәмелетке толмаған қызды зорлаған: Ақтөбеде әскери қызметкерге үкім шықты

Кәмелетке толмаған қызды зорлаған: Ақтөбеде әскери қызметкерге үкім шықты

Ақтөбеде әскери қызметкер кәмете жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасықа түскен үшін 15 жылға сотталып, әскери шенінен айырылды. Бұл туралы Ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленуші кәмелеттік жасқа толмағандықтан, істің мән-жайы ашылмайды. Сот отырыстары Астана сотында жабық есік жағдайында өтті.

“Ер адам жасөспірімнің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынасқа түскен. Ол кінәлі деп танылды”, – делінген сот құжаттарында.

Әскери қызметкер қылмыстық кодекстің 120-бабы (Зорлау) бойынша сотталды. Тергеуді Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімшесінің қызметкерлері жүргізді.

Сайып келгенде, әскери адам он бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Барлық жаңалық