Қазақстандық танымал контент авторы Дастан Мұхамедрахим (BYDASTAN) Мемлекет басшысының сүйікті арғымағын кең далада алғаш рет таспалап, ерекше кадрларымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, Президенттің сәйгүлігін табиғат аясында алғаш болып видеоға түсіру бақыты дәл өзіне бұйырған.
«АҚЖАН – Ұлы даланың қанатты тұлпары, Президентіміздің сүйікті арғымағы. Керемет»,– деп жазды ол.
Сондай-ақ видеоның астындағы пікірінд «Мемлекет басшысының тұлпарын далада алғаш болып түсіру мүмкіндігі маған бұйырыпты», деп қуанышымен бөлісті.
Ақжан әлемдегі ең көне, бағалы әрі сұлу саналатын ақалтеке тұқымды арғымақ.
2025 жылы ақ боз құлын туғанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған өзі «Ақжан» деп ат берген.
Қолданушылар мұндай сұлулықты жеуге қимайтынын жазған.