Жаңалықтар

Жаппай улану: Ауруханаға түскен 19 адам бір жерден тамақтанған

Жаппай улану: Ауруханаға түскен 19 адам бір жерден тамақтанған

Тамақтану орнынан дәм татқан 19 адам аурухана төсегінен бірақ шықты. Тұрғындар жаппай тамақтан улану белгілерімен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Алдын ала мәлімет бойынша бұл азаматтардың барлығы бір мекеменің өнімін тұтынған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Оқиғадан кейін бірден санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары іске кірісті. Оларға денсаулық сақтау органдары мен жергілікті әкімдік өкілдері қосылды. Қазіргі уақытта Іле ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы арнайы тексеру жүргізіп жатыр. Сарапшылар зертханалық талдау жасау үшін тағам сынамаларын алды. Жиналған материалдардың барлығы құзырлы органдарға жіберілді. Тексеріс толық аяқталып зертхана нәтижелері шыққан соң ғана оқиғаның нақты себептері белгілі болады.

Мамандар тұрғындарды аса сақ болуға шақырады. Жағдай нашарлап улану белгілері байқалса дереу медициналық көмек сұраған абзал. Құсу, іш өту немесе дене қызуының көтерілуі сияқты симптомдар кезінде өз бетінше емделу өте қауіпті. Мұндай жағдайда бірден дәрігерлерге қаралған жөн.

Эпидемиологтар жаз маусымында қоғамдық тамақтану орындарын мұқият таңдау керектігін еске салады. Нысанның тазалығы мен тағамдардың сақталу жағдайына әрдайым ерекше назар аудару қажет.

Барлық жаңалық