Жаңалықтар

Енді жұмыссыздарды мемлекет өзі іздейді: Елімізде мансап орталықтарының жұмысы түбегейлі өзгереді

Енді жұмыссыздарды мемлекет өзі іздейді: Елімізде мансап орталықтарының жұмысы түбегейлі өзгереді

Елімізде 228 мыңға жуық азамат жұмыспен қамту бағдарламаларының игілігін көрді. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жұмыссыздық көрсеткіші 4,5 пайыз көлемінде тұрақтап отыр. Бүгінгі таңда экономика саласында жоспарланған 3,1 миллион сапалы жұмыс орнының 2,9 миллионы толық ашылып үлгерді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Енді халықты жұмысқа орналастырудың мүлдем жаңа әрі барынша белсенді үлгісі қолданысқа енеді. Мансап орталықтары бұрынғы "бэк-офис" форматынан "фронт-офис" жүйесіне ауысады. Жаңа тәртіп бойынша мамандар екі қолға бір күрек таппай жүрген жандарды өздері іздеп табады. Оларды тұрақты табыс көзіне қол жеткізгенше жеке сүйемелдеп отырады.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды еңбекке тартудың да тың тәсілдері іске қосылмақ. Жұмыс орындарын алдын ала бөлу тетігі айтарлықтай кеңейеді. Мекемелердегі квоталар автоматты түрде белгіленіп, олардың мүлтіксіз орындалуы қатаң бақылауға алынады.

Бұл ауқымды өзгерістер Үкіметтің кезекті отырысында кеңінен талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев осы саладағы жұмыс орындарының сапасын арттыру жолындағы іргелі шаруаларды ортаға салды.

Барлық жаңалық