Жаңалықтар

Елімізің 8 өңірінде бас прокурор ауысты

Елімізің 8 өңірінде бас прокурор ауысты

Кадрлық тағайындаулар Президентпен келісім бойынша Бас прокурордың бұйрығымен жасалды, деп жазады ozgeris.info.

  • Батыс Қазақстан облысының прокуроры – әділет кеңесшісі Ұласбекұлы Нұрбек;
  • Маңғыстау облысының прокуроры – әділет кеңесшісі Қушалиев Серікқали Жанбебекұлы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысымен келісім бойынша бірқатар аумақтық прокурорлар да ауысты:

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры – Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы;

  • Бас көлік прокуроры – Жүйріктаев Берік Қуанышбекұлы;
  • Атырау облысының прокуроры – Басшыбаев Мадияр Бекенұлы;
  • Жамбыл облысының прокуроры – Әбілов Берік Рақатұлы;
  • Жетісу облысының прокуроры – Жұмaқанов Бауыржан Альбертұлы;
  • Қостанай облысының прокуроры – Сексембаев Марат Исламханұлы;
  • Павлодар облысының прокуроры – Байшолақов Алмат Мұратұлы;
  • Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы.

Еске сала кетсек, күні кеше Тоқаев бас прокурордың бірінші орынбасары қызметіне Жандос Өмірәлиевті тағайындаған болатын.

Сондай-ақ, бұған дейін Рудный мен Өскемен қалаларының прокурорлары ұсталғанын жазған едік.

Барлық жаңалық