Қазақстан футболында кейінгі күндері ерекше жаңалық жарияланды. 17 жастағы Дастан Сәтпаев Қазақстан Премьер лигасындағы ең қымбат ойыншы атанды. Transfermarkt жаңартқан бағалау нәтижесі көпшілікті таңқалдырды, деп жазады Ozgeris.info.
Transfermarkt жүргізген есептің қорытындысы бойынша Дастан Сәтпаев Премьер лиганың барлық ойыншыларының ішінде ең жоғары трансферлік құнға ие болды. Дастанның қазіргі құны 3 миллион еуроға жетті. Бұл жас футболшы үшін өте ірі көрсеткіш. Сарапшылар мұндай нәтиже оның ойын өрнегінің өскенімен байланысты деп отыр.
Осы мәлімет жарияланған соң рейтингтерде үлкен өзгеріс байқалды. Дастан Сәтпаев Қазақстандағы ең қымбат ойыншылардың тізімінде 1 орынға шықты. Сонымен бірге ол Ресей чемпионатында өнер көрсететін Бахтиёр Зайнутдиновті (2,8 миллион еуро), Нұралы Әліпті (2,5 миллион еуро) және Максим Самородовты (2,5 миллион еуро) артта қалдырды. Бұл үш футболшының құны 2,5 – 2,8 миллион еуро аралығында.
Дастан туралы тағы бір назар аударар дерек бар. 2026 жылдың тамызында Англияның Челси клубының толыққанды ойыншысы атанатыны айтылған. Қайраттағы 17 жастағы таланттың бүгінгі көрсеткіші осы болашаққа деген сенімді одан әрі күшейтеді.
Transfermarkt мәліметінде Дастан Сәтпаев елдегі, Қайрат клубындағы, Қазақстан Премьер лигасындағы ең қымбат ойыншы ретінде көш басында тұрғаны нақты көрсетілген. Ал әлемдік көрсеткіштерге көз жүгіртсек, ол 2018 жылы туған футболшылардың ішінде 15 орынға шықты. Бұл жастағы орталық шабуылшылар қатарында 463 орынға жайғасқан.