Белгілі журналист, қазақ баспасөзінің танымал өкілі Айгүл Аханбайқызы 53 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ол 1972 жылы Жетісу облысы, Ақсу ауданы Ойтоған ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған. Студент кезінен еңбек жолын бастаған ол «Жетісу» газетінен бастап, кейін «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Халық сөзі», «Егемен Қазақстан» сынды басылымдарда түрлі қызмет атқарды. Сондай-ақ М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында баспасөз қызметін басқарды.
Ақпарат саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері атанған Айгүл Аханбайқызы соңғы жылдары сырқатқа шалдыққан еді.