МАҢЫЗДЫ

Бағалар 10 жылда қалай өзгерді? Қазақстандық тұрғын эксперимент жасады

Бағалар 10 жылда қалай өзгерді? Қазақстандық тұрғын эксперимент жасады

Қазақстандық Гүлнара Бугубаева 2015 жылғы кассалық чекті тауып алғаннан кейін «эксперимент» жүргізуді ұйғарды. Ол ескі чекте көрсетілген азық-түлік жиынтығын қазіргі бағамен жинап көруге шешім қабылдады. Нәтижесі таңқалдырды.

«2015 жылғы 7 қарашадағы Magnum чегі. 48 позиция. Жалпы сома – 13 347 теңге. Қызық, қазір осының бәріне қанша төлер едім? Мен өзім бәсекеге құмар адаммын. Қысқасы, дәл сол тізіммен Magnum-ға бардым, – деп жазады Бугубаева Facebook-тегі парақшасында. – Эксперименттің тазалығы үшін дәл сол тауарларды алуым керек. Бірақ бұл мүмкін емес болып шықты. Көптеген брендтер жоғалып кеткен. Сондықтан ұқсас баламаларын қарастырдым. Бірақ тек Magnum-нан…

Бұрын – 13 347 тг.

Қазір – 43 148 тг.

Яғни, бағалар 3,23 есеге өскен.

Жылдық орташа өсім – 12,4%.

Сұрақ: сіздің табысыңыз/жалақыңыз да 3,23 есеге өсті ме?»

Барлық жаңалық