Жаңалықтар

Атыраудағы түнгі клубта бұзақылар ер адамды аяусыз соққыға жыққан

Атыраудағы түнгі клубта бұзақылар ер адамды аяусыз соққыға жыққан

Атырауда түнгі барлардың бірінде бұзақылардың ер адамды аяусыз ұрған сәттің видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға 18 қаңтарда Атырау облысы "Зиллон" түнгі барында болған. Куәгерлердің айтуынша, жанжал дәретханада басталған. Екі ер адам бір адамға шабуыл жасаған. Олардың бірі ерекше қатыгездікпен соққы берген.

Зардап шеккен адамның қазіргі жағдайы әзірге белгісіз. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен әзірге пікір білдірмеді.

Атырау облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Сол күні 102 пультіне төбелес туралы хабарлама түскен.Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Қылмыс жасады деген күдікпен 32 және 33 жастағы екі ер адам ұсталды.

Аталған дерек бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық жаңалық