"Рубиком" ұсынған "Мусульманская" шұжығының құрамында шошқа еті бар болып шықты, - деп жазады ozgeris.info.
Өнім құрамы rubikom.kz сайтында жарияланған. Құрамы деп көрсетілген жерде "Мусульманская" шұжығында құс еті мен дәмдеуіштерден бөлек шошқа етінің де бары жазылғанын байқауға болады.
Айта кетейік, "Рубиком" ЖШС 1994 жылдан бері өз жұмысын жасап келеді. Сондай-ақ өздерін ел нарығындағы жетекші өндіруші деп таныстырады.