Баян Алагөзованың концерттерінің продюсері ретінде танымал Айша Байбосынова әлеуметтік желідегі жазбасында жеке өміріне қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол көпшілік соңғы уақытта ұлының әкесі туралы жиі сұрайтынын айтып, бұл тақырыпқа нүкте қойғысы келетінін жеткізді.
«Ұлымның әкесі бар. Бірақ біз бірге емеспіз және араласпаймыз. Бұл екі ересек адамның саналы түрде қабылдаған шешімі», — деп жазды Айша.
Продюсер қазіргі таңда баласымен бақытты екенін атап өтіп, бар назары мен махаббаты ұлына арналғанын айтты. Сондай-ақ ол оқырмандарынан жеке шешіміне құрметпен қарауды сұрады.
«Бұл тақырыпқа енді қайта оралмайық», — деді Айша Байбосынова.