Танымал әнші Роза Әлқожа туған күнін дүркіретіп атап өтіп, той сәттерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі мерекелік кештен видео жариялап, туған күнін әнмен бастаған.
«Кешімізді керемет осындай әнмен бастап бердім», – деп жазды әнші.
Мерекелік кешке өнер жұлдыздары мен жақындары жиналды. Әншінің туған күніне арналған видеолар әлеуметтік желіде таралып, көпшілік оған ақ тілегін жаудырып, құттықтауларын жеткізді.