Қоғам

«Саған Розаға жету қайда»: Мадина Сәдуақасова Қытайда ән шырқап, сынға қалды

«Саған Розаға жету қайда»: Мадина Сәдуақасова Қытайда ән шырқап, сынға қалды

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова Нұрғиса Тілендиевтің «Куә бол» әнін орындаймын деп көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі Қытай астанасы Пекин қаласында композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай өткен «Нұрғиса-Әлқисса» шығармашылық кешінде өнер көрсеткен.

«Қытай. Пекин. Сахнада Мадикош. Нұрғиса Тілендиевтің “Куә бол” әнін шырқау құрметі бұйырды», – деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Алайда әншінің өнер көрсетуі желі қолданушыларының көңілінен шықпаған. Кейбірі оның орындауын Роза Рымбаеваның ән айту мәнерімен салыстырып, сынға алды.

«Бұзып айтты, ұят болды ғой», «Мына әнді қор қылды, қытайлардың алдында масқара болдық», «Розаға жету қайда саған?!», «Еңбек сіңірген қайраткер осы ма сонда?», «Құлақ құрышын қандырып тыңдай алмадым, өте жасанды», «Мынау әннің быт-шытын шығарды ғой», «Тек көйлегің әдемі болып тұр екен», «Ренжіме, дым айта алмадың», – деп жазды оқырмандар.

 

Барлық жаңалық