ҚР Парламенті Сенатының экс-төрағасы Мәулен Әшімбаев 2027 жылғы шейх Заидтің «Адамзат бауырластығы үшін» сыйлығының лауреаттарын анықтайтын қазылар алқасының құрамына кірді. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, оны қазылар алқасының құрамына Әл-Азһардың Бас имамы Ахмед ат-Тайебтің ұсынысымен енгізген.
«Мен үшін 2027 жылғы лауреаттарды анықтайтын қазылар алқасының құрамына кіру – үлкен мәртебе», – деп жазды Сенат төрағасы.
2027 жылғы сыйлықтың қазылар алқасына Португалияның бұрынғы президенті Марселу Ребелу де Соуза, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары, Ирактың бұрынғы президенті Бархам Салех, Ливанның бірінші ханымы Нехмат Аун және Папалық мәдениет кеңесінің құрметті төрағасы, кардинал Джанфранко Равази кірді.
Шейх Заидтің «Адамзат бауырластығы үшін» сыйлығы мәдениеттер мен діндер арасындағы диалогты, бейбітшілік пен өзара түсіністікті дамытуға үлес қосқан адамдар мен ұйымдарға беріледі.
Сыйлықты БАӘ басшылығы Ватикан мен Әл-Азһардың қолдауымен құрған. Бұған дейін оның лауреаттары қатарында Рим Папасы Франциск, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш және Иордания королі Абдалла II болған.