Спорт

Айбек Оралбай Зокировты жеңіп, Азиада чемпионы атанды!

Айбек Оралбай Зокировты жеңіп, Азиада чемпионы атанды!

 

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Супер ауыр салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен жұдырықтасты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Айбек жекпе-жекті белсенді бастап, алғашқы раундтан-ақ ринг ортасын бақылауына алды. Үш минут бойы алға ұмтылып, қарсыласына көптеген соққы бағыттады. Үш төреші қазақстандық боксшыны басым деп таныса, екеуі Зокировтың жағына шықты.

Екінші раундта да Оралбай қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Өзбек боксшысы ереже бұзғаны үшін ескерту алды. Нәтижесінде бұл раундта барлық бес төреші Айбектің басымдығын көрсетті.

Жекпе-жек соңында төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Айбек Оралбай жеңіске жетті. Есеп – 29:27, 29:27, 30:26, 30:26, 29:26.

Осылайша, 2025 жылғы әлем чемпионы Айбек Оралбай өз коллекциясына Азиада алтынын қосты. Бұл – Қазақстан құрамасының Азиададағы екінші алтыны. Бұған дейін Торехан Сабырхан чемпион атанған еді.

Айта кетейік, Оралбай – үш дүркін Азия чемпионы. Енді ол Азия ойындарының чемпионы атанып, өз салмағында құрлықтағы басты жүлделердің барлығын иеленді

Барлық жаңалық