Дания құрамасының шабуылшысы Расмус Хейлунд Португалияға қарсы Ұлттар лигасындағы матчтан кейін голды Криштиану Роналду стилінде атап өтуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Ozgeris.info
Ойын барысында «Наполи» футболшысы 53-минутта есепті 2:2-ге жеткізген голын соқты. Хейлунд осыдан кейін Криштиану Роналдуға тән мерекелеу қимылын жасап, португалиялық жұлдызға құрмет көрсетті.
Бұл әрекеті футбол жанкүйерлерінің назарын бірден аударды. Хейлундтың айтуынша, оның мақсаты Роналдуды мазақ ету немесе Португалия құрамасына құрметсіздік көрсету емес.
«Бұл – болған жағдайдан кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауы мүмкін адамға деген құрмет. Иә, мен оған тағы да құрмет көрсеткім келді. Мұнда ешқандай құрметсіздік жоқ. Ол – менің кумирім», – деді Хейлунд TV2 телеарнасына берген сұхбатында.
Матчтан кейінгі оқиға да қызу талқыланды. 23 жастағы Хейлунд Португалия құрамасының бас бапкері Жорже Жезушпен сөзге келіп, оны кеуде тұсынан итерген.
Даниялық шабуылшының Роналдуға деген құрметі осылайша ойыннан кейінгі басты тақырыптардың біріне айналды. Хейлунд үшін португалиялық футболшы бала кезінен үлгі тұтқан футбол қаһармандарының бірі екенін тағы бір мәрте көрсетті.