Махмұд есімді желі қолданушысы Каспийде опат болған сарбаздардың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол 14 әскеридің қазасын естігенде қуанғанын жасырмады.
"Естіген кезде Аллаху Акбар, қандай керемет өлім, дедім ғой. Сахабалар аңсаған ғой сондай өлімді. Отанды қорғап жүріп суға батып өлу ең шыңы, батыр. Әке-шешесіне, бауырларына қиын. Бірақ өшпейтін аты қалды ғой. Шынымен батыр ғой, Отан қорғап жүріп өлу арман. Қазір жас балалар түнгі клубта түрлісін істеп жүр, оның жанында мынау мақтанатын зат. Мен өзім естіген кезде Алланы ұлықтадым. Оның аты өлмейді, нағыз батыр. Алла сабыр берсін. Пайғамбарлардың дәрежесіндегі шаһидтік өлім", деді ол.
Осыдан кейін желі қолданушылары түрлі пікір жазып, жазба иесін жазалауды талап етті.