Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол оқиға болған күні жұмыс барысы қалай өрбігенін айтты.
"Естіген сәттен бастап жарты сағаттай уақытжедел жәрдемге, төтенше жағдайға телефон соғып айналамды түгелдеп алуға кетті. Содан кейін оқиға болған жерге шығып кеттік. Содан кейін полиция отырыстары басталды. Көзге көрінбейтін жұмыстар көп қой. Білмеймін, сұрақтарыңызды түсінбеймін. Далаға шығып, кімге сұхбат берейін деп айқайлайын ба. Оған шама да болған жоқ. Түнімен жұмыста болдық. Ауруханамен байланыстамыз. Құтқару жұмыстарына керек аппаратты іздедік, оның маманын Астанадан алдырдық. Сондай жұмыстар атқардық", деп жауап берді әкім.