Жаңалықтар

Ақтауда жүздеген адам Сержан Аяпбергенмен қоштасуға жиналды

Ақтауда жүздеген адам Сержан Аяпбергенмен қоштасуға жиналды

Ақтауда Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 20 жастағы спортшы, самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері әрі әскери қызметші Сержан Аяпбергенмен қоштасу рәсімі басталды, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Қоштасу рәсіміне жүздеген тұрғын жиналған. Әскери қызметшімен қоштасуға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері келген. Сондай-ақ рәсімге бұрынғы депутат Еділ Жаңбыршин қатысып отыр.

Әкімдік қызметкерлері Каспийдегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан барлық әскери қызметші соңғы сапарға әскери құрметпен шығарып салынатынын хабарлаған.

Барлық жаңалық