🏛️ Саясат

Аида Балаева төрағалық етпек: Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін комиссия құрылды

Аида Балаева төрағалық етпек: Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін комиссия құрылды

Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін комиссия құрылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Президент тиісті өкімге қол қойды. Комиссия әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізеді.

Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева комиссия төрағасы болды. Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижесін жеті күн ішінде баяндауы тиіс.

Комиссия құрамына:

  • Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева – комиссия төрағасы;
  • Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов – комиссия төрағасының орынбасары;
  • Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев;
  • Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов; 
  • Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы Мұрат Баймұқашев; Қаржы министрі Мәди Тәкиев;
  • Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев;  
  • Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаев;
  • Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин кірді. 
Барлық жаңалық