Қоғам

Жағаға өзі жүзіп шыққан сарбаздың анасы мәлімдеме жасады

Жағаға өзі жүзіп шыққан сарбаздың анасы мәлімдеме жасады

Аман қалған әскеридің бірі – Бекет Қуандық. Ол – Атырау облысы, Махамбет ауданының тумасы, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

«О. Шонаев атындағы орта мектепті» тәмамдаған. Әскерге 2025 жылы аттанған. Жақындарының мәлімдеуінше, Бекет Қуандық жағаға өзі жүзіп шығып, аман қалған.

Хабарды естіген бойда анасы Қарлығаш пен әкесі Бақтыбек жолға шықты. Қолдарында қырқынан шықпаған сәби бар. Бекет әлі інісін көрмеген.

«Балам дін аман. Қалғаны тексеріс біткен соң айтылатын болар. Балам ауруханаға, ешқайда жатпады, өз аяғымен жүр. Тірі қалған балалардың көргендерін ешкімнің басына бермесін», – деді анасы Қарлығаш Мырзағалиева.

Бекет Қуандыққа психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Ол дәл қазір үйіне қайтпайды, белгіленген уақыт бойынша оралады.

Дереккөз: ztbnews

Барлық жаңалық