Қоғам

«Бетіме түкіріп, шашымнан сүйреді»: Шымкентте екі баланың анасы енесі мен күйеуінен зәбір көрген

«Бетіме түкіріп, шашымнан сүйреді»: Шымкентте екі баланың анасы енесі мен күйеуінен зәбір көрген

Шымкент тұрғыны Түймегүл Мейірхан күйеуі мен енесі өзін аяусыз ұрып, екі баласымен бірге үйден қуып шыққанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әйелдің айтуынша, отбасындағы жанжалға қызғаныш себеп болған. Күйеуі оның көзін көгертіп, ал енесі шашынан сүйреп, балағаттап, үйден шығарып жіберген.

 Оқиға 28 қыркүйек күні бір адамнан кітап алғанынан кейін басталған. Сонымен қатар енесі оны жұмысқа шығуға мәжбүрлеп, балаларын қалдырып, күйеуімен бірге Оңтүстік Кореяға баруын талап еткен.

Оқиғадан кейін әйел полицияға арыз жазған. Алайда енесі де келініне қарсы арыз түсіріп, оны бопсалады және пышақпен қорқытты деп айыптаған. Қазір полиция сараптама қорытындысын күтіп отыр.

Түймегүлдің айтуынша, күйеуі балаларымен кеткеннен бері іздеп келмеген. Қазір ол екі баласымен әпкесінің үйін паналап жүр. Үлкені – 3 жаста, кішісі – 1 жас 10 айлық.

Бұған қоса, әйел күйеуінің өз атына 1,3 миллион теңге несие рәсімдеп, төлемей қойғанын айтады. Қазір ол күйеуінің алған несиесін де өзі өтеп жүр.

Барлық жаңалық