Қоғам

«Көзіме жас келе береді»: Әбдіжаппар Әлқожа жан сырын ақтарды

«Көзіме жас келе береді»: Әбдіжаппар Әлқожа жан сырын ақтарды

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа әпкесі, белгілі әнші Роза Әлқожаның туған күнінде ән шырқап,  ерекше құрметін көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында  видео жариялап, әсерлі жазба қалдырды.

 «Кеше ішімдегі алғыс, махаббат, көңілімді өзін құшақтап тұрып, өзіне айтып алдым. 40 жасқа толған туған күніңде алғаш орындап, өзіңе арнап шығарған әнім еді. Сөзін түгел өмір қылып Бауыржан Әлиқожа жазып берген. Сол ыстық өмірлік сезім осы әнді қалай айтамын солай  көзіме жас келе береді. Неге екені түсініксіз күш. Жаным әпкем, 5 жыл өте шығып, сіздің осы мәртебелі келген жаңа күніңізде құшақтап орындағаныма бақыттымын», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары қос бауырдың арасындағы ерекше байланысты атап өтіп, тілектерін жазды. 

Айта кетейік, белгілі әнші Роза Әлқожа 45 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Мерекелік кешке өнер иесінің жақындары мен өнердегі әріптестері жиналды.

Барлық жаңалық