Спорт

Роналду Португалия құрамасындағы аңызға айналған 7-нөмірінен айырылды

Роналду Португалия құрамасындағы аңызға айналған 7-нөмірінен айырылды

 

 Леау Португалияның Данияға қарсы Ұлттар лигасындағы кездесуінде алаңға 7-нөмірмен шығады. УЕФА-ның матч алдындағы ресми өтінімінде Роналду құрамға енгізілмеген, ал Леау 7-нөмірмен тіркелген. Роналду 30 қыркүйекте Португалия құрамасының орналасқан жерінен кеткен болатын. Бұған дейін бас бапкер Жорже Жезуш оның Данияға қарсы матчты негізгі құрамда бастамайтынын айтқан. Осылайша, Роналдумен жылдар бойы біте қайнасқан 7-нөмірді алғаш рет басқа футболшы киетін болды. Ал бұл өзгеріс Португалия құрамасындағы қазіргі жағдайға байланысты үлкен назар аудартып отыр.

Осы жағдайға қатысты Криштиану Роналдудың жанкүйері Ұзақ Серіков өз пікірін білдірді.

«Бұл — барып тұрған бассыздық. Роналду бұған дейін “Манчестер Юнайтедтен” де, “Реал Мадридтен” де үлкен шу арқылы кетті деген айыптар айтылды. Бірақ мен бұл пікірмен келіспеймін. Ол — өзін сыйлай білетін адам және өзінің футболдағы орнын жақсы түсінеді. Сондықтан дәл осындай дау-дамай болып жатқан кезде Роналдумен жылдар бойы байланысқан 7-нөмірді Леауға беру — оған деген құрметсіздік деп ойлаймын. Бұл жай ғана нөмір емес, Роналдудың Португалия құрамасындағы символына айналған нөмір», — деді Ұзақ Серіков

Барлық жаңалық