Ақтаулық блогер Салтанат Аманқосқызы тағы да желіні шулатты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл жолы ол ішіп алып оқырмандарына шықты. Сөзінше оларды полиция қызметкерлері ұстап алған.
"Рөлде отырған адам ішпеген, жүргізуші куәлігі бар. Не үшін ұстап алғанын білмеймін. Тексергісі келген шығар. Машинаны сау адам айдап отыр, бірақ үшеуміз маспыз. Рөлдегі адам ғана сау. Белдікті тағып, ережені сақтап отырмыз. Не әңгімесі бар? Менен саған не керек?", деді ол.
Осыдан кейін желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Артынан блогер өзін әңгіме қылғандарға ренішін жеткізді.