Астанада жылу беру маусымы 2 қазанда басталады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info
«Астана-Теплотранзит» АҚ мәліметінше, кәсіпорын елорда тұтынушыларына жылу энергиясын сенімді тасымалдау және тарату бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуге толық дайын.
Жылу ең алдымен елорданың әлеуметтік нысандарына – балабақшаларға, мектептерге, ауруханалар мен емханаларға беріледі.
«Жылу маусымына дайындық аясында жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіліп, анықталған ақаулар жойылды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары мен желілерді жаңғырту шаралары орындалды», – делінген хабарламада.