Қоғам

Қызылорда облысында құны 4 млрд теңге болатын күн электр станциясы іске қосылды

Қызылорда облысында құны 4 млрд теңге болатын күн электр станциясы іске қосылды

Қызылорда облысының Шиелі ауданында құны 4 млрд теңге болатын «VIGOR Holding» күн электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Нысанды іске қосу рәсіміне Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров пен облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.

Жаңа күн электр станциясы өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Шиелі ауданының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру барысында инвестор жер қатынастарын рәсімдеуге байланысты бірқатар мәселеге тап болған. Оларды шешуге инвестициялық жобаны құқықтық сүйемелдеу аясында Шиелі ауданының прокуратурасы сүйемелдеді.

Атап айтқанда, прокуратура Шиелі кентіндегі жер учаскелеріне жария сервитут белгілеуге, жұмыс жобасында көзделген инженерлік дәліз шегінде оның шекарасын, талаптары мен режимін айқындауға ықпал етті.

Сондай-ақ прокуратураның үйлестіруімен әкімдіктің қажетті шешімдері қабылданып, жария сервитутты мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттар рәсімделді.

Қабылданған шаралар әкімшілік мәселелерді шешіп, инвестициялық жобаның одан әрі кедергісіз іске асырылуына мүмкіндік берді.

 

Барлық жаңалық