Шоу-бизнес

«Күйік ішіне түсіп, көзі көрмей қалды»: Жанболат Найзабеков қиын тағдыры туралы айтты (ВИДЕО)

«Күйік ішіне түсіп, көзі көрмей қалды»: Жанболат Найзабеков қиын тағдыры туралы айтты (ВИДЕО)

Танымал актер, «Өнер қырандары» театрының мүшесі Жанболат Найзабеков анасы туралы айтып, көпшілікті жылатты, деп  хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты.

«Бесінші ұлым Мұхаммед дүниеге келгенде анам “немеремді көрмей отырмын, дауысын естимін. Түу, көре алмаймын”, – дейді. Жүрегі аурады. Мен шыдай алмай шығып кетемін. Өзімше әрекет жасағым келеді. Бұл да сынақ қой. Әкем “Ұста пышаққа жарымайды. Мен көз дәрігерімін, бірақ әйелімнің көзі көрмейді” деп айтатын. Анамның көзі көріп жүргенде “Балам, байысаң Дубайға апаршы» деп айтқан еді. Анау күні сөйлесіп отырып «Мама, амалсыз деген осы екен ғой. Мен сізді қазір қалаған жағыңызға апара аламын. Бірақ мен апарған жерді сіз көрмейсіз ғой» деймін», – дейді актер.

Актер анасының көзінің нашарлауына не себеп болғанын айтып берді.

«Анамнан ішіңіздегіні шығара алмай қалған кезең болды ма деп сұрадым. Коронавирустың кезінде туған інісі мен келіні қайтыс болды. Жоқтау айта алмадым дейді. Күйік ішке түсіп кеткен. «Айқайлап інім мен келінімді жоқтай алмадым, 2-3 күннен кейін  көзім бірден нашарлай бастады деп айтты»,– дейді өнер иесі.

Барлық жаңалық