Қоғам

«Оңбайды, обал-ай»: Мақпал Жүнісова танымал әншіге аяушылық білдірді

«Оңбайды, обал-ай»: Мақпал Жүнісова танымал әншіге аяушылық білдірді

Танымал әнші Садраддин Болаттың Алматыда өткен концерті әлеуметтік желіде қызу талқыланып, сынның астында қалды, хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесінің концерт барысында киген сахналық образы желі қолданушыларының көңілінен шықпаған. Тіпті оның киіміне қатысты пікір білдіргендердің қатарында Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова да бар.

«Осы костюмді тігіп бергендер оңбайды, обал-ай», – деп жазды әнші.

Көпшілік Садраддиннің сахналық киімін талқылап, түрлі пікірлерін жазды.

«Киімі біртүрлі болып тұр. Ер адамға сай емес», «Қалай-қалай киіндірген?!», «Үстіне не киіп алған?», «Сауыт па, әлде корсет киіп алған ба?», «Стилистке сұрақ көп», «Өзі де не киетінін қарамаған ба?», «Қазақтың баласына жарасымды киім кисе қайтеді?», «Әйел сияқты не істеп тұр»,– деп жазды олар.

Барлық жаңалық