Қоғам

«Таланты жоқ нашақор»: Бақыт Тұрман әншілерге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

«Таланты жоқ нашақор»: Бақыт Тұрман әншілерге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік туралы жазбаға пікір қалдырып, кей өнерпаздардың концерттеріне жастардың көп баратынын сынға алды, деп жазады Ozgeris.info сайты. 

«Халыққа ішімдікке салынғандар мен нашақорлардың әнін тыңдап, концертіне барған ұнайды. Ештеңені жасырмай-ақ қояйық, БАҚ, халық арасында да солай айтады. Кеше ғана бір концерт өтіп, жастардың бәрін жинады. Вокал да, би де, талант та жоқ», — деп жазды ол.

Айта кетейік, impresario.tv парақшасындағы жазбада шоу-бизнестегі есірткіге тәуелділік мәселесі көтеріліп, бұл туралы ашық айтуға шақырған. Ал Бақыт Тұрман бұл пікірін "Астана Аренада" өткен Қайрат Нұртастың пікірінен кейін жазған. 

Барлық жаңалық