Қоғам

Алматыда әйел туған ұлынан қорлық көріп, жалаңаяқ қашып шыққан

Алматыда әйел туған ұлынан қорлық көріп, жалаңаяқ қашып шыққан

Алматыда жалаңаяқ көшеге шығып, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады, хабарлайды Ozgeris.info.

Видео авторының айтуынша, әйелді туған ұлы күш көрсетіп, қолы мен аузын бес метрлік бинтпен байлап, үйде ұстаған. Сондай-ақ әйел отбасылық мәселелерге араласқаны үшін ұлының өзіне күш көрсеткенін айтқан. 

Оқиғаға куә болған ер адам әйелге су мен аяқ киім беріп, полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласқан. Кейін оны полиция қызметкерлеріне тапсырған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазір Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты бөлім қызметкерлері оқиғаны тергеп жатыр. 

Барлық жаңалық