Қоғам

METRO Қазақстандағы барлық 6 дүкенін жабады

METRO Қазақстандағы барлық 6 дүкенін жабады

Германияның Дюссельдорф қаласында штаб-пәтері орналасқан METRO AG компаниясы Қазақстандағы қызметін 2027 жылғы наурыздың соңына дейін толық тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Компания Қазақстандағы алты дүкені мен жеткізу қызметін кезең-кезеңімен жабады.

METRO бұл шешімді Қазақстандағы бизнесінің ұзақмерзімді даму перспективаларын бағалау нәтижесінде қабылдаған. Компанияның мәліметінше, жергілікті команданың нарыққа бейімделу және бизнесті дамыту бағытындағы жұмысына қарамастан, тұрақты өсімге қажетті негіз қалыптастыру қиын болған.

METRO Қазақстандағы 650 қызметкеріне өтпелі кезеңде қолдау көрсететінін және процесті еңбек заңнамасына сәйкес жүргізетінін мәлімдеді.

Компания Қазақстан нарығына 2009 жылғы қазанда кірген. Содан бері дүкендер желісіне, логистикаға, жеткізу жүйесіне және серіктестік байланыстарға инвестиция салған.

Барлық жаңалық