Жаңалықтар

Алматыдағы атышулы іс аяқталды: Әл Фарабиде үш адамды қаққан жүргізуші сотталды

Алматыдағы атышулы іс аяқталды: Әл Фарабиде үш адамды қаққан жүргізуші сотталды

Алматы қаласында биылғы ең атышулы сот процестерінің бірі өз мәресіне жетті. Осыдан бірнеше сағат бұрын Әл Фараби даңғылында өліммен аяқталған жарыс ұйымдастырған Zeekr көлігінің жүргізушісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Сот шешімімен Александр Пак үш бірдей адамның өмірін қиғаны үшін толықтай кінәлі деп танылды. Оған заңда қарастырылған ең қатаң жаза тағайындалып он жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Бұған қоса сотталушыға өмір бойы көлік тізгіндеуге қатаң тыйым салынды. Сот отырысы барысында Александр Пак өз кінәсін тағы да толық мойындады. Ол қаза тапқандардың жақындары мен туыстарынан кешірім сұрады.

Барлық жаңалық