Шоу-бизнес

"Әкесін тартып алғаны аздай": Баян Алагөзова өгей ұлын "біртүрлі" құттықтады (ВИДЕО)

"Әкесін тартып алғаны аздай": Баян Алагөзова өгей ұлын "біртүрлі" құттықтады (ВИДЕО)

Танымал продюсер Баян Алагөзова күйеуі Тұрсын Алагөзовтың ұлын туған күнімен құттықтаймын деп сынға қалды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

"Бүгін 30-маусым Тұрсынғали Тұрымұлының ұлы Арсен Тұрсынғалиұлының туған күні. 30 жасқа толуын тойлап отырмыз. Туған күні құтты болсын", - деді ол.

Алайда көпшілік продюсердің бұл әрекетін "екіжүзділік" деп бағалады. 

"Әкесі мен баласының арасына Баян неменеге араласады? Қатысы қанша?", "Залетпен туылғаны үшін әкесінен жырақта тойлап отыр ма өзі", "Баласының өзі жоқ қой", "Жеке өзі жария қылмай құттықтауға болмады ма", "Өтірік істейді, актриса", "Арсеннің қасында болмай ма", "Папасын тартып алып, баласын маңыратып ағылшынша құттықтап отыр", "Әртістер", "Мұнысы артық болды", "Керемет өгей ана болып көрінгісі келеді", "Баланың өмірін құртып алып, артынан құттықтап отырғаны несі", - деп жазды оқырмандар.

 

Барлық жаңалық