Жаңалықтар

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бала тууына байланысты жәрдемақы мөлшері көбейді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бала тууына байланысты жәрдемақы мөлшері көбейді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты бала тууға және көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері артты деп хабарлайды Оzgeris.info сайты kznews.kz сайтына сілтемемен.

 

Атап айтқанда, енді бірінші, екінші және үшінші бала дүниеге келген кезде төленетін біржолғы жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін өсті. Ал төртінші және одан кейінгі балалар үшін бұл төлем 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғайды.

 

Сонымен қатар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар да көбейді. Төрт баласы бар отбасылар бұрын 63 030 теңге алса, енді 69 330 теңге алады. Ал 10 баласы бар отбасыларға берілетін төлем 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін артты.

 

2026 жылы бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері:

 

  • 1, 2 және 3-балаға — 164 350 теңге (38 АЕК);
  • 4 және одан көп балаға — 272 475 теңге (63 АЕК).

 

1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы:

 

  • бірінші балаға — 24 912 теңге (5,76 АЕК);
  • екінші балаға — 29 453 теңге (6,81 АЕК);
  • үшінші балаға — 33 951 теңге (7,85 АЕК);
  • төртінші және одан көп балаға — 38 493 теңге (8,90 АЕК).

 

Көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік төлемдер:

 

  • 4 балаға — 69 330 теңге (16,03 АЕК);
  • 5 балаға — 86 673 теңге (20,04 АЕК);
  • 6 балаға — 104 016 теңге (24,05 АЕК);
  • 7 балаға — 121 360 теңге (28,06 АЕК);
  • 8 және одан көп балаға — әр балаға 17 300 теңгеден (4 АЕК).


Билік өкілдерінің айтуынша, бұл өзгерістер отбасыларды әлеуметтік қолдауды күшейтуге және демографиялық өсімді ынталандыруға бағытталған.

Барлық жаңалық