Қоғам

«Уақыт барда қашыңдар»: Ерлан Қаринге қатысты күтпеген болжам жасалды

«Уақыт барда қашыңдар»: Ерлан Қаринге қатысты күтпеген болжам жасалды

Әлеуметтік желіде тәлімгер әрі туған күнге қарап адам болмысына талдау жасайтын Дане Жорғатайдың Қазақстандағы саяси өзгерістерге қатысты болжамы тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол бұған дейін Ерлан Қариннің жоғары лауазымға келуін нумерология тұрғысынан талдаған. Дане Жорғатайдың айтуынша, Қарин туған күніне байланысты нумерологиядағы «сегіздік» типіне жатады.

«Халықты тонағандар, қашыңдар. Сендерде әлі уақыт бар», – деді ол.

Оның түсіндіруінше, нумерологияда сегіз саны материалдық әлеммен, қаржымен, билікпен, жауапкершілікпен және есеп берумен байланыстырылады.

Дане Жорғатай өз болжамын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікке келген кезеңімен де салыстырған.

Оның сөзінше, Тоқаев Президент болғаннан кейін мемлекет қазынасына қомақты қаражат қайтарылып, бірқатар адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Әлеуметтік желіде тараған бұл пікір автордың нумерологиялық пайымына негізделген және ғылыми болжам болып саналмайды.

Барлық жаңалық