Сарқанд қаласына жақын жерде, Алматы – Өскемен трассасында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, екі автокөлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы 10 желтоқсан күні шамамен 14:15-те болған.
Алдын ала деректер бойынша, KIA автокөлігінің жүргізушісі күрт нашарлаған ауа райы жағдайында – қарлы боран, көктайғақ және көрінудің шектелуі кезінде – қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан оқиға орнында төрт адам көз жұмды. Тағы төрт жолаушы түрлі жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған досудьялық тергеу жүргізілуде.
Полиция департаменті қаза болғандардың туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады. Ведомство өкілдері барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
"Жол қозғалысы ережелерінің болмашы ғана бұзылуы да қайғылы әрі орны толмас салдарға әкелуі мүмкін", – деп атап өтті ДП.