Қоғам

Төреғали Төреәлінің кезекті жазбасы қазнетте дау тудырды

Төреғали Төреәлінің кезекті жазбасы қазнетте дау тудырды

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Threads желісінде тағы да қызу талқыға түсті. Бұл жолы өнер иесінің әйел адамның омырауына қатысты жазбасы қолданушылардың сынына ұшырады, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Бұған дейін әнші «Тегін арақтан тез мас боласың» және «Әйел шешінбейінше, мәселе шешілмейді» деген жазбалар жариялаған еді. Ал кезекті жазбасында әйел адамның омырауы туралы пікір білдірген.

Бұл жарияланым желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Көпшілік әншінің сөзін әдепсіз деп бағалап, оны пікір білдіргенде сөзін аңдап сөйлеуге шақырды.

«Сұмдық, оның үстіне халық әртісі», «Төреғали иманды, бірақ сөзі әдепсіз», «Төреғали, тым шектен шығып кеткен жоқсыз ба? Мұндай жазба жариялауға ұят. Көпшілікке танымал адам болған соң, жөнді нәрсе айту керек» деп жазды қолданушылардың бірі.

Ал кейбірі жағдайға әзілмен қарап, жасанды интеллект көмегімен әншіні ежелгі грек философының бейнесінде көрсететін суреттер жасаған.

Барлық жаңалық