Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша тікелей рейстерді қайта жандандырады. Алғашқы рейс 21 қарашаға жоспарланған, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері қатынайды.
Сейсенбі күні Ақтаудан ұшақ таңғы сағат 5:15-те ұшып, Дубайдан кері бағыттағы рейс 10:55-те жолға шығады. Ал сенбі күндері Ақтаудан ұшу уақыты – 7:20, Дубайдан кері рейс – 13:00.
Қазақстан азаматтарына Біріккен Араб Әмірліктеріне 30 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат етілген. Бұл ретте төлқұжаттың жарамдылық мерзімі кемінде алты ай болуы керек.