Жаңалықтар

Ақтөбеде 31 жастағы ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді

Ақтөбеде 31 жастағы ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді

Ақтөбеде 5 қарашаға қараған түні 31 жастағы ер адам бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қайғылы жағдай туралы марқұмның сіңлісі әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Оның айтуынша, әпкесін бұрынғы күйеуі тұншықтырып өлтірген. Артында кішкентай қызы қалған.

Полиция күдіктінің ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжалдан кейін болған.

Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін олардың арасындағы жанжалдарға қатысты полицияға ешқандай арыз-шағым түспеген. Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалық