Астанада мас күйдегі 28 жастағы ер адам егде жастағы тұрғынды соққыға жығып, оған араша түскен әйелге де күш көрсеткен. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқиға Майлин көшесіндегі №23 тұрғын үйдің жанында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның алдымен қарияға шабуыл жасап, кейін оны қорғауға тырысқан әйелді қуып барып ұрғаны көрінеді.
Полицияның мәліметінше, күдікті оқиға кезінде алкогольдік масаң күйде болған. Ол 41 жастағы әйел мен егде жастағы ер адамға дене жарақатын салған.
Құқық қорғау органдары 28 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.