Қызылордада бірнеше күн бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 65 жастағы Ғани Көшербаевтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қала тұрғыны 29 қазан күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Оны іздеуге барлық күш пен құрал жұмылдырылып, кешенді жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілген.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған ер азаматтың мәйіті қала аумағынан табылды. Сот сараптама қорытындысымен мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Ведомство марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұған дейінгі жарияланған ақпараттарда Ғани Көшербаевтың деменция диагнозы бар екені айтылған еді.