Қоғам

Астанада контейнерлердің кеңсесінен өрт шықты (ВИДЕО)

Астанада контейнерлердің кеңсесінен өрт шықты (ВИДЕО)

Бүгін таңертең елорданың Сарайшық ауданында өрт оқиғасы тіркелді. Панфилов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында мобильді кеңсе ретінде пайдаланылатын 40 тонналық контейнер өртенді,деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Құтқарушылар өртті жедел сөндіріп, тілсіз жаудың одан әрі таралуына жол бермеді. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Барлық жаңалық