Қоғам

Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасына қатысты тергеу аяқталуға жақын: 8 адам қамауда

Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасына қатысты тергеу аяқталуға жақын: 8 адам қамауда

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Қазірге дейін 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілген. Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Бұған дейін қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен сегіз лауазымды тұлға сот санкциясымен қамауға алынған. Олардың қатарында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның бірінші орынбасары мен жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, екі әскери бөлімнің командирлері, теңіз жаяу әскері батальоны мен ротасының командирлері және катер капитаны бар.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін аяқтап, қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жоспарланып отыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

Барлық жаңалық