Қоғам

Назым Қызайбай бокстан Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліп қалды 

Назым Қызайбай бокстан Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліп қалды 

Әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай Таразда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліп, күміс жүлдегер атанды,деп хабарлайды Ozgeris.info. 

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Алматы қаласының атынан шыққан Назым Қызайбай Шымкент өкілі Элина Базаровамен кездесті. Төрешілердің екіге бөлінген шешімімен Базарова 3:2 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

Осылайша, Қызайбай ел чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады. Ол бұған дейін Қазақстан чемпионатында бірнеше рет жеңіске жеткен. Сондай-ақ спортшының қоржынында үш әлем чемпионатының алтыны мен 2024 жылғы Азия чемпионатының жеңімпаз атағы бар.

Ал Элина Базарова да ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен. Ол 2026 жылы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатында 1/8 финалға дейін жеткен.

Барлық жаңалық